Атырау облысында 26 жастағы ер азаматтың бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз сақтағаны анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress.
«5 қыркүйек күні сағат 5:30 шамасында Атырау-Астрахань тасжолы Аққыстау ауылының тұсында Атырау облысы ПД-нің жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күдік тудырған Lada Kalina маркасы автокөлігін тоқтатып, тексерді. Күдіктінің көлігінен 1997 жылы туған жүргізуші көлігінің жүксалғышынан шамамен 80 кг бекіре тұқымдас балық табылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің бапасөз қызметіндегілер.
Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодекісінің 335-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА