Атырауда бейнекамералар арқылы 21 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды

Атыраулық полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен 21 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жедел басқару орталығы – адамдар көп жиналатын орындарды бақылауға, жаяу полицияның және автопатрульдерінің іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар бейнекамералар құқық бұзушылықтың алдын алуда маңыздылығы зор. Бүгінде Атырау қаласының аумағында 3 мың 506 бейнебақылау камерасы орнатылған. Осы жүйенің көмегімен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және ашу арқылы қоғамдық тәртіпті қорғау жүзеге асырылады.

Мәселен, 2023 жылдың 12 айы бойынша бейнебақылау жүйесін тиімді пайдалана отырып, 285-ке жуық қылмыс және 21 мың 094 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Қылмыстардың ішінде ұрлық, ұсақ ұрлық, бұзақылық сияқты қылмыстар бар. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларымен анықтайтын әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі - алкогольдік ішімдіктерді пайдаланған күйде көлік тізгіндеу немесе көшеде, қоғамдық орындарда мас күйінде болу.

«Interceptor» жүйесі арқылы 2023 жылдың 12 айында:

- мемлекет алдында әкімшілік айыппұлдарды өтелмеген борышкерлер саны - 5818;

- арнайы тұраққа қойылған автокөліктер саны - 1339;

- әкімшілік айыппұлдары өңделген саны - 4479.

«Сергек-Қорғау» жүйесі арқылы 2023 жылдың 12 айында 11600-ден астам көрсеткіштер анықталған, оның ішінде:

- айыппұл бойынша нұсқама берген - 5225;

- айып тұрағына қойылған - 1025;

Ал 2024 жылдың қаңтар айында 3400-ге жуық көрсеткіш дерегі анықталған.

«Кардон» жүйесі арқылы 2024 жылдың қаңтар айында:

- арнайы тұраққа қойылған автокөліктер саны - 93;

- өндірілген саны - 351.

Мира Нұртаева 

Фото: beta.egov.kz