Атырауда батпақты жерге батқан автокөліктегі 4 адам эвакуацияланды

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
4 қаңтарда 02:05 сағатта Атырау қаласы, Тасқала ауылынан шамамен 40 шақырым жерде автокөліктің балшыққа батып қалған.
Құтқарушылар дереу шақырту орнына жеткен кезде «Уаз» автокөлігінің балшық жерге батып шыға алмайтынын және ішінде 4 адам барын анықтады.
"Құтқарушылар 4 адамды жол талғамайтын көлігімен («ТРЭКОЛ») Атырау қаласына жеткізді. Авариялық-құтқару жұмыстары кезінде зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық - құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы (ТРЭКОЛ) жұмылдырылды" делінген хабарламада.