Атырауда баспана бағдарламасына өтінім қабылданбақ

«Бақытты отбасы – Атырау» бағдарламасына 2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап өтінімдерді қабылдап бастайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі «Отбасы банк» АҚ-на «Бақытты отбасы-Атырау» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 15 қаңтарынан 10 ақпан аралығында жүргізілетіндігін мәлім етті.

Қатысушылар санаттары:

- Көпбалалы отбасылар;

- Толық емес отбасылар;

- Мүгедек балалары бар немесе оларды асырап отырған отбасылар;

- Тұрғын үй кезегінде тұрған және ерлі-зайыптылардың біреуінен айырылғаны туралы растайтын құжаты бар азаматтардың барлық санаттары;

- І,ІІ топтағы мүгедектер;

- Жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар.

Бағдарламаның шарттары:

- Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі -5% (ЖТСМ 5,2% бастап)

- Бастапқы жарна 0% бастап;

- Несиелеу мерзімі 19 жылға дейін;

- Төлем қабілеттілігін міндетті түрде растау;

- Бастапқы/қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алу (бастапқы нарықтан сатып алынатын тұрғын үй пайдалануға берілген болуы тиіс немесе «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігімен үлестік тұрғын үй құрылысына қатысу жолымен салынып жатқан тұрғын үй болуы тиіс).

Қажетті құжаттар тізімі:

1.Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірмесі); 2.Неке туралы куәлік (неке бұзу туралы, әкесі деп тану туралы, №4 нысан),

3.Туу туралы куәлік (тұпнұсқа және көшірмесі);

4.Мекен-жай анықтамасы (барлық отбасы мүшелеріне),

5.Мүгедектігі туралы анықтама (мүгедек болған жағдайда),

6.Меншік құқында тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы Ф-1 анықтамасы Қазақстан бойынша (барлық отбасы мүшелеріне).

Мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы №101а, №3 терезе.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ