Атырауда бас шырша шамы жағылды (+ВИДЕО, ФОТО)

25 желтоқсан күні Махамбет-Исатай алаңында бас шыршаның шамы жағылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қала тұрғындары мен қонақтарына құттықтау тілегін жеткізді.

"Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке тілейміз!" деді ол.

Мерекелік кеште жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері мереке алдындағы жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.