Атырауда бас полицейдің орынбасары тағайындалды

Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов бұйырығымен Атырау облысы полиция департаменті бастығы орынбасары лауазымына полиция полковнигі Жакей Болатұлы Иманкулов тағайындалды.

Айта кетейік, полиция полковнигі Жакей Болатұлы Жамбыл облысының тумасы. ҚР Ішкі істер министрлігі академиясының түлегі. Құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Атырау облысы ПД басқармаларында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ