03 «тамыз», 2022 1505

Атырауда Бақытгүл Хаменованың соты басталды

 Атырауда Бақытгүл Хаменованың  соты басталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Хаменоваға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменоваға қатысты сот Атырау қаласының 2 сотында ашық өтіп жатыр.

  Айта кетейік, биыл 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен болатын.