Атырауда балықшы жоғалып кетті

Атырауда балық аулаймын деп үйінен шығып оралмған 25 жастағы ер адам әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жұмыскер ауылының 1998 жылы туған тұрғыны 28 қаңтардан бері табылмай жатыр. Қазір Төтенше жағдай департаменті Жедел құтқару жасағының құтқарушылары Жайық өзенінде осымен төртінші тәулік іздестіру жұмыстарын жүргізуде. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: автор