Атырауда балық аулау ережесін бұзғандар анықталды

Жайық өзені бойында 8 жеке тұлғаға балық аулау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына қарасты Атырау балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері балық қорын қорғау жұмысы барысында 8 жеке тұлғаға балық аулау ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-тің 383 бабының 1 тармағымен және мұз астына жасырын салынған 16  дана ау құралдары шығарылды. Олар иесіз деп танылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Иесіз ау құралдарынан 34,8 кг қара балық тұқымдас балықтары тәркіленді және олар балық қабылдау мекемесіне тапсырылды.

Сондайақ, Безымянное көлінде мұз астындағы тіршілік иелеріне оттегі жіберу үшін ойық ою жұмыстары жүргізілді.

Эльмира Мықтыбаева