Атырауда балық аулау ережелері өзгерді

Биылғы 16 маусым мен келесі жылдың 15 мамыры аралығында балық аулауға рұқсат. Осы орайда, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілі Олег Тушканов балық аулау ережелерін еске салды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Тұрғындардың ұсынысымен облыс орталығында кәсіпқой балық аулау мерзімі ұзартылды. Мәселен, бұрын 1 сәуір мен 15 маусым аралығында ғана рұқсат етілсе, енді 15 мамырға дейін балық аулауға болады. Сондай-ақ, мұз қату кезіндегі сейсенбі мен сәрсенбі күнгі тыйым алынып тасталды. Бұған қоса, балықшылар түнде де балық аулай алады. Төртіншіден, қармақ санына да шектеу қойылмайды.
"Атап өткен жөн, бұрынғыша бір балықшыға 5 келіден артық балық аулауға болмайды. Сол сияқты, жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек. Сондай-ақ, мас күйде балық аулауға болмайды. Халық арасында "якорь" аталып кеткен аулау құралын пайдалануға рұқсат жоқ. Себебі, бұл суасты тіршілік иелерін жарақаттайды. Қармақтың ені де 12 миллиметрден аспауы шарт. Сонымен қатар, көпір үстінде және тор мен "телевизор" атанып кеткен аумен балық аулау – заңсыз" дейді О.Тушканов.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ