Атырау облысы бойынша балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 13 мыңға жуық өтініш түскен. Оның 10 мыңға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады. Бұл жалпы көрсеткіштің 77%-ын құрайды, деп хабарлайды Облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі. Айта кетелік, бірінші сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталған болатын. Ал құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 1 тамызда аяқталады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Оқу-ағарту министрлігі қызметті автоматтандырды және құжаттар egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады. Сондай-ақ ата-аналар құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыра алады. Атырау облысы Білім беру басқармасы ата-аналарға құжаттарды тезірек тапсыруға кеңес береді, өйткені қабылдау 1 тамызда аяқталады.