Атырауда балалар суға батып кетті... (+ВИДЕО)

Бүгін, 20 шілдеде Көкарна шағын ауданы тұсында Жайық өзенінде болжам бойынша 2010 және 2011 жылы туған екі жасөспірім жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кетті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2010 жылы туған жасөспірімдердің бірінің денесін ТЖД құтқарушылары сағат 19.30-да 4,5 метр тереңдіктен шығарды. 2011 жылы туылған екінші жоғалған жасөспірімді іздестіру-жұмыстары жалғасуда.

- Іздестіру жұмыстарына ТЖД 15 жеке құрамы, 5 жүзу құралы жұмылдырылды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының аумағында шомылу маусымы биыл әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және рұқсат етілмеген, жабдықталмаған жерлерде шомылудан бас тартуға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: "АтырауОйл"