Атырауда балалар клиникалық-диагностикалық бөлімі ашылды

Облыс орталығындағы №7 Атырау қалалық емханасында балалар клиникалық-диагностикалық  бөлімі ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бөлімшеде невролог, лор, хирург, окулист, аллерголог, инфекционист және уролог  мамандары қабылдау жүргізеді.

Енді облыстық балалар ауруханасымен қатар №7 қалалық емханасына тіркелген азаматтар емхана арқылы жолдама алып,  осы бөлімшедегі дәрігердің қабылдауына жазыла алады.

Мира НҰРТАЕВА