Атырауда балалар боксы болып жатыр (+видео)

Бокстан қалалық ашық турнир басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бейнежазба осында!

Балалар жылына орай бокстан 2010-2011, 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнир өтуде. Дүбірлі додада 280 спортшы өз бақтарын сынайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қалалық турнирдің ашылу салтанатында қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбек Ахмедьяров шыңдалып келе жатқан жас спортшылар үшін осындай жарыс өзін көрсетуге, қабілетін байқауға зор мүмкіндік беретінін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, мамандандырылған бокс клубында өтіп жатырған жарыс төрт күнге созылады.