Атырауда балалар арасында инклюзивті спорт фестивалі өтті

“Таланттарды анықтау және қолдау” орталығының ұйымдастыруымен «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Мақсаты — ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау және оларды қоғамдық ортаға бейімдеп әлеуметтендіру,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спорттық додаға қала және аудандардан келген 200-ге жуық оқушы қатысты. Олардың 50-ден астамы  ерекше білім беруді қажет етеді. 

Қатысушылар  жеңіл атлетика, бочча спортынан және "Біз жеңімпаз боламыз!" атты инклюзивті командалық эстафета бойынша өзара сынға түсті. 

Жарыс жеңімпаздары қараша айының 4-7 аралығында Астана қаласында өтетін фестивальдің республикалық кезеңіне қатысады.