Атырауда балабақшаны талқандаған жасөспірімдердің кімдер екені белгілі болды

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Балабақша бейнекамераларының көмегімен мектепке дейінгі мекемеге баса көктеп кіріп, ішін тас-талқан еткен оқушылардың кімдер екені анықталды.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша Құлсары қаласындағы балабақша ішінде орын алған құқық бұзушылық фактісіне қатысты 9 оқушының ата-анасы шақыртылып, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.
Еске сала кетейік, оқиға Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласындағы "Қызғалдақ" балабақшасында болған. Демалыс күндері 6-7 сынып оқушылары балабақшаға кіріп, терезелерін сындырып, балалар бөлмесін, бөбекжайды және асхананы тас-талқан еткен.