Бүгіннен бастап Атырауда зейнеткерлер, студенттер мен оқушылардың автобуста жеңілдікпен жүруге арналған жаңартылмаған смарт-каталары істен шығады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Smart Qala» ЖШС директоры Ләззат Досмағамбетованың айтуынша, бүгінде небәрі 3382 зейнеткер, 479 студент пен 819 оқушы ғана картасын жаңартқан.
«Автобустарда «7(771)0909001» WhatsAp нөміріне хабарласып, жолақы картасын тіркеу керектігі жөнінде хабарлама ілінген болатын. Егер бүгіннен бастап карталар істен шығып жатса, көрсетілген нөмірге қажетті құжаттардың фотосуретін жолдау керек. Сонда карта қайта іске қосылады» дейді Л.Досмағамбетова.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ