18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қапшықтарды ашық түрде жымқырғандар анықталып, ұсталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
42, 32, 37, 38 жастағы ер және 34 жастағы әйел адам алдын ала ақылдасып құм толы қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікпен тасыған. Оларға қатысты ұсақ-түйек жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ