Атырауда айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 500-ге жуық жүргізуші анықталды

1-31 мамыр аралығында яғни, бір ай ішінде қала аумағында төленбеген айыппұлдары бар 130-дан астам автокөлік иесі анықталды, деп хабарлайды ATPress.kz. «Аталған автокөліктер жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тиым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғандары үшін "Сергек" аппаратты-бағдарламалық кешендеріне түскен» деп мәлімеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
28 мамыр күні сағат 12:30 шамасында Құрманғазы көшесінің бойынан патрульдік полиция қызметкерлерімен Ресей мемлекетінде тіркеуде тұрған “Ваз-2110” маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру кезінде аталған автокөліктің 1969 жылы туылған жүргізушісінің соммасы 324 мың 695 теңгені құрайтын төленбеген 21 айыппұлы бар екендігі анықталған. 53 жастағы жүргізушінің көлігі заңға сәйкес, арнаулы тұраққа қойылды.
«Жыл басынан бері айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 500-ге жуық жүргізуші көлігі арнаулы тұраққа қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды патрульдік полиция қызметкерлері жалғастыруда» делінген хабарламада.