11 Ақпан, 2022 456

Атырауда автокөлік өртенді

 Атырауда автокөлік өртенді

Атырауда 11 ақпан күні Nissan Teana маркалы автокөлік өртенді. Оқиға Панфилов көшесінің бойында болған.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер көліктің алдыңғы қозғалтқыш бөлігінің өртеніп жатқанын анықтаған.

"Өрт  сағат 18.08-де оқшауланып, сағат 18.13-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі тоқ желісінің қысқаша тұйықталуынан", - деді ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.