25 Шілде, 2022 611

Атырауда автокөлік жүргізушісі 24 қойды қағып кетті

 Атырауда автокөлік жүргізушісі 24 қойды қағып кетті

Атырауда автокөлік жүргізушісі 24 қойды қағып кетті, деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, оқиға 25 шілде күні сағат 06.30 шамасында орын алған.  Атырау-Ақтөбе тас жолының 400 шақырымындағы Жантерек елдімекені тұсында RAVON R4 автокөлігінің жүргізушісі 24 бас қойды қағып кеткен.

Соның салдарынан  мал иелеріне 1 млн 200 мың  теңге материалдық шығын келген.

Қой бағып жүрген қойшы  малды рұқсат етілмеген  жерден айдап өтпек болған.

Осылайша, жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіргені үшін қойшыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-ші бабының 2-ші бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.