Қалалық әкімдік жаңа автобус бағыттары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына! 2026 жылдың 6 сәуірінен бастап Көк-Арна (Түбек), Зарослый-2 және Қызылбалық-2 елді мекендері тұрғындарының сұраныстары негізінде жаңа №68 «Балықшы – Дамбы ауылы» қоғамдық көлік бағыты іске қосылады. Аталған бағыт тұрғындардың күнделікті қатынасын жеңілдету, елді мекендер арасындағы байланысты нығайту және қоғамдық көлік қызметінің қолжетімділігін арттыру мақсатында енгізіліп отыр" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
