Өңірде жол құрылысын қайта жаңғырту мақсатында 2022 жылы Сырым Датов көшесін жөндеу жұмыстары басталған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Осы ретте, аталған аумақта жол құрылысы қайтадан жанданып, 4 сәуір күні сағат 09:00-де Ш.Уалиханов көшесінен бастап Т.Гогиашвили көшесіне дейінгі 400 метр аралық жабылатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, қалалық автобус бағыттарының да қозғалысы уақытша өзгереді. Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады" делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ