Атырауда автобустардың бағыты өзгереді

Атырау қаласында қоғамдық көліктің бағыты өзгереді, деп хабарлайды AtyrauPress қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін, 18 шілдеден бастап «Жұлдыз 3 - Дина базары» № 58 автобусының бағыты өзгертіледі. 

Бұрын Доссор трассасымен қалаға жүретін маршрут енді Индер трассасынан жүретін болады.

Сондықтан барар жеріңізді алдын ала жоспарлаңыз. 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА