Атырауда автобуста өзін-өзі қалай ұстау керектігі түсіндірілуде

Атырауда «Қоғамдық көліктегі біз» акциясы өтуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Балаларға қоғамдық көліктегі жолаушы мәдениеті мен әдебі түсіндірілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

- Мұндай науқан өңірде алғаш рет ұйымдастырылды. Іс-шараға оқушылар мен студенттер қатысуда. Оларға қоғамдық көліктегі арнаулы орындар туралы (қариялар, балалы аналар отыратын орындар), қоғамдық көліктегі мәдениет, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық жасау, ауыр заттарын алып беруге көмектесу секілді тағы да басқа әдептілік қағидаттары түсіндіріліп, түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылады, - деді облыстық білім беру басқармасының балаларға қосымша білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының әдіскері А.Жұмағалиева.