Атырауда автобусқа мінгенде кімдер айыппұл төлейді?

"Смарт қала" мекемесі өз атындағы көлік­тік картаны тек иесі ғана пайдалана алатынын ескертеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жолау­шы басқа азаматқа тиесілі жеңіл­дігі бар көлік картасын қолданса, әкімші­лік жауап­қа тартылып, жол­ақысын төлеуден жалтарған болып саналатынын ескертеміз. Осы ретте ҚР ӘҚБК сәйкес, жолаушыларға қоғамдық тәртіпте жолақы төлемегені үшін екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл 7384 теңге. Тамыз айының бірінен бастап автобустарда тексеру барысында жеңілдік картасымен басқа азамат төлегенін ұстаған кезде, жеңілдік картасы ұсынылған жанға карта жасақтау мерзімі 30 күн болатынын және карта жасату құны 2000 теңге болатынын қаперіңізге береміз.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ