Атырау облысы аумағында 22-25 қаңтар аралығында автокөліктерді ұрлауға және айдап әкетулерге қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Іс-шара аясында айдап әкетілген автокөлікті және ұрланған қосалқы бөлшектерді анықтау мақсатында гараж кооперативтеріне, жеке автошеберханаларға, автотұрақтарға, автобөлшектеу пунтктеріне, автобазарлар мен автодүкендерге тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушылықтардың оның ішінде, мас күйде көлік құралын басқару, басып озу, жолдың қарсы бағытына шығу, маневр жасау, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың алдын-алу бағытында қызмет атқарылатын болады.
Фото: AtyrauPress