Атырауда автобус жүргізушілері жарты миллион жалақы сұрай ма?

Соңғы кезде Атырауда автобустардың жүрісі сиреді. Тұрғындардың да бұған қатысты арыз-шағымы азаяр емес, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Әсіресе, №№3,12, 22, 30 А, 62 бағыттарында қатынайтын автобустардың уақыт айырмасы айтарлықтай зор.

Екіншіден, жүргізушілер де тапшы болып отыр. Мұны «СмартАтырау» мекемесі де жасырмайды. Бұрын орташа 100 жүргізуші жетпесе, қазір бұл көрсеткіш 160-қа тіреліп тұр. Қазір олардың жалақысы – 380 мың теңге. Ал, мемлекет тек 320 мың теңгеге дейін субсидиялайды екен. Қалғанын автобус парктері өздері толықтырады.

"Жүргізушілер қолға 450 мың теңге алу үшін субсидия көлемін ұлғайту керек. Сонда тапшылықты да жоюға болады. Яғни, жүргізушілер жаппай мұнай компанияларына кетпейді" дейді тасымалдаушы тарап. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суретті түсірген: Әділет ҚАНАТҰЛЫ