Атырауда автобус өртенді

29 сәуір күні сағат 15:08-те Атырау қаласындағы З. Қабдолов көшесінде орналасқан мекемелердің бірінің ауласында  «Yutong» автобусы жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Құтқарушылар шақырту орнына лезде жетіп, қызыл жалынды санаулы минутта оқшаулап, сағат 15:20-да толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Барлығы алты құтқарушы мен бір техника жұмылдырылды.

"Айта кететін жағдай, жыл басынан бері 34 көлік өрті тіркелді. Былтырғымен салыстырғанда алтауға өсіп отыр" делінген Қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ