Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін, яғни, 13 қараша күні сағат 15:00 шамасында қоғамдық автокөлік пен Ваз 2114 көлігі соқтығысты.
№53 қоғамдық автокөліктің 1969 жылы туған жүргізушісі көлікті екінші дәрежелі жолмен басқара отырып басты жолмен келе жатқан 24 жасар жүргізушінің басқаруындағы Ваз 2114 автокөлігіне жол бермей соқтығыс жасаған.
Соққы екпінімен қоғамдық автокөлік электр бағанасына ұрылып, тірелді. Соның салдарынан Ваз 2114 автокөлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы жедел медициналық жәрдем автокөлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазір бұл жол апаты бойынша тиісті іс құжаттар жинақталып жатыр.