Мәселенің анық-қанығын біз қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен білген едік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Сәтпаев даңғылындағы жол құрылысы кезең-кезеңімен жалғасуда. Қазіргі таңда орталық мешіт тұсындағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, жол қозғалысы қайта ашылды. Алайда, жол жұмыстарының келесі кезеңіне байланысты 16 маусым күні, сағат 21:00-ден бастап Сәтпаев даңғылының Тайманов даңғылы мен Ә.Молдағұлова көшесі аралығындағы жолдың бір жақ бөлігі уақытша жабылады. Осыған орай, қоғамдық көліктердің жүру бағытында өзгерістер болады. Жаңартылған маршруттар қосымша картада көрсетілген. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қауіпсіздік пен ыңғайлы қозғалыс үшін жол белгілеріне және бағыттаушы нұсқауларға мұқият болуларыңызды сұраймыз" дейді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ