Атырауда 6 қазанда автобус тегін қатынайды

Атырауда референдум күні қоғамдық көлік тегін қатынайтын болады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады. Барлығы 31 бағыт бойынша 230-дан астам автобус жолаушыларды жолақысыз тасымалдайды.

"6 қазан – республикалық реферндум күндері сағат 06:00 мен 23:00 аралығында қала мен қала маңында автобус тегін қатынайды. Ал, 7 қазан күні бұрынғы қалпына көшеді" дейді әкімдіктің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ