Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік және еңбек тәртіптерін арттыруға, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтауға, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалдаудың жолын кесу мақсатында Атырау облысында 10 және 16 маусым аралығында «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.
Осы ретте, патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушылықтардың оның ішінде, мас күйде көлік басқару, басып озу, жолдың қарсы бағытына шығу, маневр жасау, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың алдын-алу бағытында түсіндірме және профилакталық жұмыстарын жүргізуде.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: Әділет АМАНГЕЛДІ