Атырауда автобус бағыттары өзгереді

Атырауда қалалық және қала маңындағы автобус бағыттары өзгеретін болды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы қоғамдық тыңдауда “Смарт Атырау” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры Аслан Аронов айтып өтті. Оның айтуынша, бүгінде қалалық және қала маңындағы маршруттар арасындағы айырмашылық жоғалған.

 - Қалалық және қала маңындағы маршруттар арасындағы айырмашылық мынадай: қалалық маршрут - бұл елді мекеннің белгілі бір шекаралары шегіндегі тасымалдар болып, ал қала маңындағы маршрут - ол елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзындығы 50  шақырымға дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғасатын маршруттар бойынша тасымалдар, - деді мекеме басшысы.

 Енді өзгерістерге келсек.

Округтер бойынша №59, 58, 58а, 56, 57, 50, 53, 65, 52 маршруттарында өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

  №59 маршрут бағыты бойынша Аксай елді мекенінен бастап Көктем, Томарлы, Геолог арқылы Вокзалға дейін қатынап жатырса, енді Томарлы ауылынан бастап Геолог арқылы Вокзалға дейін қатынау жоспарланып отыр. Себебі Ақсайдан бастаған автобус Көктемге кіріп Томарлы ауылына келгенше лық толып келіп Томарлы, Геолог елді мекеніндегі жолаушылар сыймай, қалып қойып жатыр.

 №56 маршрут бойынша Алға ауылынан шығып Бесікті ауылына кіріп Дина базарына дейін қатынайтын болады.

 №53 маршрут Талғайран ауылынан шығып Ақжар, Ақжар-2, Ақсай-2 елді мекендерін қамтып Дина базарына дейін жүргізу жоспарлануда.

 №58А маршруты Ақсай ауылынан шығып Көктем және Мирас мөлтек аудандарымен өтіп Дина базарына дейін жүргізу қарастырылып отыр.

 №58 маршрут Жұлдыз-3, Жұлдыз-2, Жұлдыз мөлтек аудандарынан Дина базарына дейін жүретін болады.

 №57 маршрут Қызыл балық ауылынан шығып Жанаталап, Зарослый ауылдарын қамтып Балықшыға дейін қатынайтын болады.

 №50 маршрут Дамба ауылынан тікелей Балықшыға дейін жүреді.

 №52 маршрут Еркінқала, Еркінқала-2 ауылдарынан Авангард мөлтек ауданына дейін қатынайтын болады.

 №65 маршрут Балықшы мөлтек ауданынан шығып Тасқала, Тасқала-2, Тасқала-3 ауылдарын қамтиды деп жоспарланып отыр. 

 Қала бойынша №11, 21, 22, 4, 30а, 51 маршруттарында өзгерістер жоспары:

 №11 маршруттын ұзындығы қысқартылып Дина базарынан бастап Баймұханов көшесімен Мендыкулов көпірі арқылы Атырау мөлтек ауданына кіріп, Молдагулова, Досмухамедов, Құрманғазы көшелері арқылы Авангард соңғы аялдамасына барып, Владимирский көшесімен Спутников, Гумарова,№20 көшелері арқылы Рембаз ықшам ауданын қамтып, Жастар, №10, Бекмагамбетов көшелерімен Жұмыкер-1 ықшам ауданына дейін баратын болады.

 Қазіргі таңда №21 маршрутының соңғы аялдамасы Самал ықшам ауданы №1 көшесінде орналасқан.

 Самал ықшам ауданының тұрғындарының сұрауы бойынша №21 маршруттын бағыт-бағдарын ұзартып №1 көше арқылы №20, №11 көшелерімен жүргізіп, Бейбарыс даңғылымен Атырау әуежайына дейін әкеліп, осы жерді соңғы аялдама қылдыру жоспарланып отыр.

 №22 маршрут Дина базарынан бастап Бейбарыс даңғылы арқылы Самал, Нурсая ықшам аудандарын қамтып Абылхайырхан даңғылымен әуежайға дейін жүргізу жоспарланып отыр.

 №4 маршруттың соңғы аялдамасын Нұрсая ықшам ауданынан әуежайға ауыстыру қаралып отыр.

 №30А маршруты әуежайдан бастап Абылхайырхан даңғылымен New City тұрғын үй кешені арқылы Құрманғазы, Жастар, Сатыбалдиев, А.Құнанбаев, Қожақаев көшелерімен Балықшы соңғы аялдамасына дейін жүргізу жоспарда.

 №51 маршруттың бағыт-бағдарын қысқартып Көкарнадан бастап Дина базарына дейін жүретін болады.

 Сонымен қатар №64 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр, ол Авангард мөлтек ауданының соңғы аялдамасынан бастап Өркен, Өркен-2, Балауса ықшам аудандарын қамтитын болады.

 Сондай-ақ, №30 маршрутты алып тастау бойынша ұсыныс енгізіледі, аталған маршрут №1 маршрутты 70 % (пайз) - ға, №12 маршрутты 60 (пайыз) – ға жәнеде №14, 15 маршруттарды қайталайды.

 Сонымен, қала бойынша 7 маршруттын, ал шалуға қала маңы бойынша 9 маршруттың бағыт-бағдарын өзгерту де қаралған.

 Өзгеріс қалалық сессияда бекітілетін болады. Жиында қала әкімі Мейірім Қалауи ұсынылған өзгерістерге қатысты тұрғындар сауалына жауап берді және ол бұл өзгерістің қалалық сессияда бекітілетін, оған дейін тұрғындардың ұсыныс-пікірлері талқыланып, содан соң ғана тиісті шешім қабылданатынын атап өтті.