Атырауда ауыз су болмай ма?

Атырауда ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Күрделі жөндеу жоспар-кестесіне сәйкес жылу пункттерінің жабдықтарын тексеру (ревизия) бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты «Атырау жылу жүйелері» АҚ 2024 жылғы 27-31 мамыр  аралығында келесі мекен-жайлар бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылатынын мәлім етті.

Атап айтқанда:

•   «Алмагул 1» ОЖБ-нен: Алмагул № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16.

•    «101» ОЖБ-нен: Авангард 4 мкр № 1, 2, 3, 4, 7, 17, 18, 19, Сатпаев 3а, 4а, 5, 66.

•    «ГВК» ОЖБ-нен: Есенов   83,  85,  87.

"Осыған байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз" делінген хабарламада.

Фото: ru.freepik.com