Атырауда ауысымдық қызметтегі азаматтар референдумға қалай қатыса алады?

Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың дауыс беруін ұйымдастыру үшін шаралар қабылданды деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәлімдеуінше, бұл жұмыстарға 43 учаскелік комиссия тартылған. 

 Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар Атырау қаласы және Жылыой, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат аудандарында бар.

 "Атырау қаласында орналасқан 11 референдум учаскесінде, оның ішінде1 - әскери бөлім, 1 - тергеу изоляторы, 9 - емханада орналасқан учаскелерде егер тізімге енгізілген барлық азаматтар дауыс берсе, онда дауыс беруді кез-келген уақытта аяқтау туралы тиісті аумақтық комиссиямен қаулы қабылданды делінген хабарламада. Айта кетейік, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялардың дауыс беру күні қорытынды шығаруы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.