Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рафик Абуов мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Рафик Абуовтың мәліметінше облыста 153 ауыл бар. Олардың қатарынан «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында даму әлеуеті бар 93 ауыл іріктеліп, соның ішінде 2019 - 2022 жылдар аралығында 40 ауыл қамтылды. Ал, биыл 15 ауылды жаңғырту үшін республикалық бюджеттен 5,8 млрд теңгеге 22 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
- Мәселен, 2019-2022 жылдар аралығында мемлекеттік бюджеттен 24 млрд теңгеге 41 жоба іске асырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 15 нысанды, 20 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын (білім беру, денсаулық сақтау, спорт) және 6 көлік инфрақұрылым нысанын (ауылішілік жолдар) салуға, реконструкциялауға және жөндеуге мүмкіндік берді, - деді Р.Абуов.
Сонымен қатар «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында облыста 768 жұмыс орны құрылды.
Жалпы елімізде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 3,5 мың ауыл жаңғыртылуда. 2023 жылы 736 ауылда 143 млрд теңгеге 1,5 мың жобаны іске асыру жоспарланған: 119 жоба ТКШ саласында, 275 жоба әлеуметтік инфрақұрылым бөлігінде, сондай-ақ 1,1 мың жоба ауыл ішіндегі жолдардың жағдайын жақсарту бойынша іске асырылмақ.