Атырауда аурухана тамағынан күтпеген жәндік шықты

Атырауда кардиология орталығында науқастың таңғы асынан құрт шықты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аталған орталық басшылары осы оқиға бойынша тексерісті бастап та кеткен. Науқастың ботқа жегені белгілі болып отыр. Енді тиісті сынама алынып, ұлттық сараптама орталығына жіберіліпті. 

«Құрт тек бір науқастан ғана анықталды. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Сараптама қорытындысы шыққан соң қосымша хабарланатын болады» деп қысқа қайырды орталықтың эпидемиолог маманы Айгерім Мекенова.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: za-edoy.ru (иллюстратив)