Атырауда аудан әкімі суға батып кетті

Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі белгісіз жағдайда суға батып кетті.

Бұл туралы ATPress.kz Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 "31 шілде күні сағат 22: 38-де Махамбет ауданы полиция бөлімі кезекшісінен Атырау облысы Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында Жайық өзенінде белгісіз жағдайда Махамбет ауданының әкімі 1982 жылы туған Ринат Жанғылышев суға батып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Атырау қаласынан Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы мен 1 техникасы аттанды, сондай-ақ, Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы шықты. Іздестіру жұмыстары жүргізілуде", - делінген Атырау облысы ТЖД таратқан хабарламада.