Атырауда 31 бағыт бойынша 204 автобус қатынайды, деп хабарлайды AtyrauPress.
"Смарт-Атырау" КММ басшысының орынбасары Болат Халидуллиннің айтуынша, бүгін ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қалада барлық маршруттар қатынауда.
"Дәл осы сәтте жолаушыларды тасымалдауда айтарлықтай проблемалар жоқ. Барлық автобустар көрсетілген маршрут бойынша уақытылы жүріп жатыр. Әрбір шағынауданда қардан тазалау жұмыстарымен айналысатын, жолдағы кедергілерді болдырмайтын жауапты адамдар бар", - деді Болат Халидуллин.
Қасиет Бахкерейқызы