Атырауда ауа райына қатысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 29 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. 

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында кей уақытта 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 

Астанада таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, күннің екінші жартысында облыстың батысында, солтүстік-батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың орталығында екпіні 23 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз шығысында, солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с күтіледі. 

Жетісу облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 

Павлодар облысының бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.