Атырауда ауа-райы тосын мінез танытуда...
«Арнаулы автобаза» мекемесі Атырау қаласын қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті. Қазір 8 трактор, 3 жол көлігі, 4 тиегіш (погрузчик) және 15 самосвал жұмылдырылды. Қаланы қардан тазалауға 100 жұмысшы тартылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ