Атырауда ауа райы күрт өзгермек

5 мамырда еліміздің 11 облысында ауа райының күрт өзгереді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Stan.kz мәлім етті. Синоптиктердің болжамынша, күндіз Атырау облысының солтүстігі мен шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстікте оңтүстік-шығыстан соғатын жел, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 

5 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, оңтүстік және орталығында солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде  шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстікте шығыстан соғатын желдің облыс орталығындағы екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде түнде топырақ бетінде 1 градус аяз күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінен 15-20 м/с. Ақтауда да найзағай ойнайды.

Орталықта, Қызылорда облысының шығысында шаңды дауыл соғады деп болжануда. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Қызылордада шаңды дауыл соғады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с ауысады. Облыстың оңтүстік-шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 17-22 м/с, күндіз Жалаңашкөл ауданында 28 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус аяз күтіледі. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде 1-3 градус аяз күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында түнде 2 градус аяз сақталады.