Атырауда атышулы қыздар мектебі жабылды (+ВИДЕО)
Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешімімен "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" ЖШС-нің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Себебі, білім ұясының тиісті лицензиясы болмаған. Б.Майлин көшесінде орналасқан мектеп былтырғы оқу жылының басында ашылған. Ол 350 қызға есептелген. Мұнда балалар 1-4 сынып аралығында оқиды. Қыркүйектің ортасында оның рұқсатсыз жұмыс жасалғаны анықталды.
"Қазірге дейін мектепте 117 қыз білім алған. Ол ескертуге қарамастан жұмысын жалғастырған. Ал былтыр 8 желтоқсанда мектеп директоры кінәлі деп танылып, айыппұл арқалады. Заңға сәйкес, ескерту алған мекеме жарты жылда лицензия алмаса, онда сот шешімімен жұмысы тоқтатылады" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ