Атырауда атақты актрисаның қатысуымен заманауи спектакль қойылмақ

Белгілі астаналық актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың қатысуымен Атырауда жаңа қойылымның тұсаукесері өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2-3 наурыз күндері Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры көрермендерге Әзілхан Нұршайықовтың әйгілі шығармасы желісімен қойылған «Махаббат қызық мол жылдар» тақырыбында жаңа спектакль ұсынбақшы. Жұлдыз Әбдікәрімованың сахнадағы серіктесі атыраулық актер Бекет Зинуллин болмақ. Ал, қойылым режиссері – Гүлназ Қамысбаева, көркемдік қоюшы – Тимур Коесов. Спектакль жастарға лайықталып заманауи жаңа форматта әзірленген. Билеттерді осы жерден алуға болады. 

Айта кетейік, махаббат пен жастықтың асқақ үніне айналған айтулы шығарманы білмейтін жан кемде-кем. Қанша уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазір де өз бақыты үшін күрескен Ербол мен Меңтайдың хикаясы жан баласын бей-жай қалдырмайды. Өйткені, бұл мәңгілік өшпейтін, өлмейтін махаббат жыры болып қала береді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ