Атырауда ата-әжелер сынға түсті

Атырауда республикалық ардагерлер ұйымына 35 жыл толуына арналған «Ата-баба аманаты» ата-әжелер арасындағы облыстық байқауы өткізілді.

Байқауда алпыс жастан жоғары 18 ата,18 әже өнерлерін көрсетті. Қала бойынша 4 ата, 4 әже, әр ауданнан  2 ата, 2 әже қатынасты. Жарыс қорытындысында аталар арасында 1 орынды Махамбет ауданынан келген Ұзақбай  Тілеген иеленсе, 2 орынды Қызылқоға ауданының ақсақалы Иғали  Ізтұрғанов пен махамбеттік Амангелді Есенғалив еншіледі. Ал, үшінші орын Құрманғазы ауданының қатысушысы Әзірбай Ескендиров, жылыойлық Наурызбай Төлеуов және исатайлық Мұрат Шахуовқа бұйырды.

  Әжелер арасындағы сында қызылқоғалық әже Биғайша  Ағашина жеңімпаз атанды. Екінші орындарға исатайлық Мақпал Отарова мен Атырау қаласының қатысушысы Баян Төлеева ие болды. Үшінші орындарды Махамбеттің Клара Көптелеуова, индерлік Сағида Машанова, исатайлық Батима Рахметовалар бөлісті.

  Айта кетейік, байқау облыс әкімдігінің қолдауымен, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы және облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен өткен болатын.