Атырауда арзан өнімдер жәрмеңкесі өтпек!

Атырау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай 21, 22, 24, 25 қазан күндері мерекелік жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

21-22 қазан күндері жәрмеңке Тұрғындар қалашығы шағын ауданында, «Мұнайшы» стадионының алдында және «Сарайшық» коммуналдық базарында;

24 қазан «Сарайшық» коммуналдық базарында;

25 қазан Тұрғындар қалашығы шағын ауданында, «Мұнайшы» стадионының алдында азық-түлік және ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Мұнда Атырау қаласының тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін нарық бағасынан төмен бағада ұсынады.