Алдағы демалыс күндері Атырау қаласында жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress.
5-6 қараша күндері сағат 08:00-15:00 аралығында Атырау қаласындағы «Сарайшық» коммуналдық базарында (Мәден көшесі, 1 "а")
отандық тауар өндірушілер мен шаруашылық құрылымдарының қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. Онда қала тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді бағамен жергілікті ауылшаруашылық өнімдері ұсынылмақ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке өткізудегі негізгі мақсат - отандық өнімнің өтуіне жол ашу және азық-түлік қымбатшылығына тосқауыл қою.
Айта кетейік, облыс орталығында мұндай жәрмеңке соңғы он жыл көлемінде сәтті өткізіліп келеді.