Атырауда арзан азық-түлік сатылмақшы

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

7 қыркүйек сенбі және 8 қыркүйек жексенбі күндері Тұрғындар қалашығы шағын ауданында сағат 8:00-15:00 аралығында “Мұнайшы” спорт кешенінің алдында (Мұхтар Әуезова даңғылы, 28 "а") тауар өндірушілер, көтерме тасымалдаушылар және шаруа қожалықтарының қатысуымен азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com