Атырауда армандарды орындайтын бұқа пайда болды

Береке ықшамауданы маңындағы «QIWI» сауда орталығының аумағында салмағы 3,5 тонна, бойы 4, ұзындығы 5 метрлік темір бұқа мүсіні пайда болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мүсінге қол тигізген адамның тілегі қабыл болады деген наным да жоқ емес. Аталған орталық директоры Денис Носов мұндай бастамаға оны Нью-Йорктің қаржылық символы болып табылатын Уолл-Стриттегі әйгілі бұқаның мүсіні шабыттандырғанын айтады.

Ерекше мүсіннің авторы – жергілікті суретші-дизайнер Якуб Турсумедов. Ол бұл жұмысқа екі ай жарым уақыт жұмсағанын айтады.

Динара ҚАНБЕТОВА

Фото: автор

Аударған: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ